Смотрите последнее видео «Коронавирус тыйылмай, қымбатшылық та тоқтамайды»
Более полную информацию смотрите в видео о коронавирусе ниже. Подробное описание под видео.

Бір аптадан кейін ең төменгі жалақы 60 мың теңге болатын Қазақстанды тағы да қымбатшылық жайлауы мүмкін. «Коронавирус тыйылмай, қымбатшылық та тоқтамайды» деген бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин қазірдің өзінде жөнсіз тауарды қымбаттатқан ондаған компанияның ісін сот қарап жатқанын айтты. Ал, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов «егер әрбір жұмыс беруші еңбек өнімділігін арттырып, қызметкерлердің айлығын көбейтпесе қарапайым халықтың тұрмысы қиындайды» деп отыр.

Жыл бойы жайлаған қымбатшылықты шенеуніктердің көбі «Қазақстанның нарықтық экономикасы дамымағандықтан» деп түсіндіреді. Ал, жазда Өзбекстан асып, арзан бағаға картоп пен сәбіз іздеп кеткен сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов еңбек өнімділігін арттырмасақ, қымбатшылық қыса береді деді. Ең төменгі жалақы алпыс мың теңгеге өскендіктен, сәйкесінше тауарлар қымбаттай түседі.

0БАҚЫТ СҰЛТАНОВ ҚР Сауда және Интеграция министрі:

– Әрине, экономикалық заң бар ғой: жалақы көбейгеннен, тауардың да бағасы көтеріледі. Тауардың бағасы көтерілгенде жалақыны көтеруге жұмыс жасалады. Бірақ, негізі жалақыны көтеру үшін біз мына «производительность труда» дейді ғой соны көтеруіміз керек!

Елдегі тауарлардың жөнжосықсыз қымбаттап кетпеуін қадағалайтын агенттіктің басшысы Серік Жұманғарин күн сайын негізсіз баға көтерген жүздеген компанияға ескерту жібереміз, бірнеше компанияның ісі сотта жатыр, бірнешеуіне миллиондаған айыппұл төлеттік деді. Алайда, Жұманғарин қымбатшылықты қолдан жасайтын ашкөз кәсіпкерлерді тыя алмай отырғанын жасырмады.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:

– Теміржол тасымалы қымбаттады, бензиннің бағасы қымбаттады. Электроқуаттың бағссы қымбаттады. Шикізаттардың бағасы қымбаттады! Бір жағынан негізі бар, бір жағынан сөз байласу анықталады. Дайын отқа бас үйітіп, қосымша пайда көргісі келеді көбісі!

Осылайша, Жұманғарин импорт тауарлар ғана емес, отандық өнімдердің де бағасы аспандап кеткенін айтты. Ішіпжем мен тұрмыстық заттарды, киімкешек пен құрылыс материалдарын шетелден сатып алып отырған қазақстандықтарға әзірге коронавирус тезірек жойылсын деп тілеуден басқа амал жоқ. Өйткені, Жұманғарин әлемде коронавирус тыйылмай бағаның өсуі де тоқтамайды деді. Алайда, кейбір сенаторлар ауылдық жердегі тұрғындар 60 мың теңгеге күн көре алады деп отыр.

МҰХТАР ЖҰМАҒАЗИЕВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Алпыс мың теңге. Мен ойлаймын ол жеткілікті шығар деп ауылда тұратын азаматтарға!

Ал, еліміздің бас экологы Серікқали Брекешевтің сұқбат беруге мүлдем уақыты жоқ секілді. Камераны көрген министр сырт киімін киместен далаға тұра қашты.

Айбар Төлжанұлы, Дидиар Елеуов

Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:

Youtube

Facebook

Instagram

Vkontakte

TikTok iktok.com/@informburo31

WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#қымбатшылық #баға #экономика #күнкөріс

Источник: YouTube